Көкшетау іргесіндегі Красный Яр ауылы ауызсусыз қалды
Көкшетау іргесіндегі Красный Яр ауылы ауыз сусыз қалды. Тұрғындарға су екі мезгіл ғана беріледі. Оның өзі ішуге келмейтін лай су.
Судың жоқтығына Сергеевка қоймасындағы жөндеу жұмыстары себеп. Құбырлар ауыстырылып жатқандықтан қоймадан су жіберу уақытша тоқтаған. 15 мың тұрғыны бар елдімекен күніне 1200 текше метрдей су тұтынады. Қазір судың қысымы төмендеп кеткендіктен көпқабатты үйлер мен ауыл шетіндегі баспаналар тіршілік нәрінсіз қалды.
Қадиша Ордабаева, ауыл тұрғыны:
Суды таңертең сағат 7-ден 9-ға дейін береді. Ал бірақ ағыза қояйын десең, қап-қара су ағады. Кешке де солай. Ал таңертең қап-қара ағады. Біздің үйлерімізде көбіне үлкен кісілер тұрады. Сол кісілерге қиын. Біз өзіміз 2-інші этажда тұрамыз. Бізге су көтеріледі. Ал енді 3-інші, 4-інші этажға су көтерілмейді.
Жергілікті билік тұрғындарға суды тасымалдап жеткізуде. Жөндеу жұмыстары әлі 10 күнге созылмақ.
Серікжан Мағыш, «Красный Яр» ауылдық округі әкімі:
Құбырлардың бәрі ескі. Су бір қосылып, бір тоқтағанда, лайдың барлығы көтеріледі. Бірақ, біз қазір тұрмыстық жағдайда тұтынатын суды тұрғындарға тасып берудеміз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10