ШҚО-да жалған вакцина паспортын сатқан медицина қызметкері ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жалған вакцина паспортын жасап сатумен айналысқан медицина қызметкерін ұстады.Ұлан ауданындағы емхананың бірінде жұмыс істейтін 54 жастағы қызметкер ақшалай сыйақы үшін жекелеген азаматтарға екпе салдырмай -ақ қызмет көрсетіп келген. Ал препараттың бірінші компоненті бірден жойылып отырған. Қазір бұл іс тергеліп жатыр.
Нұрай Арыстанбек, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:
Аталған медицина қызметкері әрекетттеріне ҚР Қылмыстық кобексінің 385-бабы бойынша тиісті процессуалдық баға беріледі. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті осындай заңсыз қызмет көрсетуі мүмкін деген тұлғалар анықталуда.
Батыс Қазақстанда да Қарашығанақтағы кен игеруші компанияның 4 жұмысшысы жалған екпе құжатымен ұсталды. Олар - кен игеруші кәсіпорынның техникалық қауіпсіздік бөлімі қызметкерлері. Жалған құжатты қызметінде пайдаланғаны үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10