Президент Ауғанстандағы ахуалға қатысты қабылдаған шешімі туралы мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстандағы ахуалға қатысты қабылдаған шешімі туралы мәлімдеді. Бұл жайында ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Біз бұл елде қалыптасқан гуманитарлық қиыншылықтарды шешу үшін конструктивті іскерлік байланыстар орнатуға дайынбыз», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, тәліптердің бейбіт үкімет қалыптастырып, келіссөздер жүргізуге ашық болатынына үмітті екенін жеткізді. «Халықаралық қоғамдастық Ауғанстанды қазіргідей дағдарыс кезінде қиыншылықтармен бетпе бет қалдырмауы керек. Керісінше, біз болашақта Ауғанстанның экономикалық және орнықты дамуы үшін барлық іс-әрекеттеріміз бен жоспарларымызды жұмылдыруымыз керек», - деп жазды Президент.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10