Жүк көтергіш көлікті мас күйінде басқарған жүргізушінің үстінен іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүк көтергіш көлікті мас күйінде басқарған жүргізушінің үстінен іс қозғалды

06.09.2021

Түркістан облысында жүк көтергіш көліктің жүргізушісі мас күйде рөлге отырып, елді дүрліктірді.

Тәртіп сақшыларына жүк көлігін жан жақтан қоршап, әрең тоқтатуға тура келді. Ескертуге көнбей, қала көшелерімен қашқан жүргізушіні полицейлер жақын маңда жүрген автоэкипаждардың көмегімен тоқтатты. Көлікке у дай мас болып отырған жергілікті тұрғынның үстінен бес бірдей бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тергеу басталды.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу