Атырау-Орал тас жолында көлік апаты болып, екі адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау-Орал тас жолында көлік апаты болып, екі адам көз жұмды

22.02.2022

Атырау-Орал тас жолының 35 шақырымында көлік апаты болып, екі адам көз жұмды. 1 жасар сәби аман қалды. Полицейлердің болжамы бойынша, ресейлік ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алдында кетіп бара жатқан жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан темір тұлпардың алдыңғы бөлігі жүк машинасының артына кеп соғылған. Жол апаты Индер тас жолында да болды. Зардап шеккен 7 адам ауруханаға жеткізілді. 25 жастағы жігіттің көлікті мас күйінде жүргізгені әрі арнайы құжаты жоқ екені анықталды. 

Темірғали Жандос

Хабарламаларға жазылу