Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары 4,4 млн теңгеге дейін сыйақы алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары 4,4 млн теңгеге дейін сыйақы алады

05.09.2021

Президенттің тапсырмасынан кейін іле-шала Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық интеллектуалдық олимпиадаларда жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушылар мен олардың оқытушылары қанша теңге сыйақы алатынын хабарлады.

Алтын медаль үшін 1500 АЕК – бұл 4,37 млн теңге, күміс медаль үшін 1000 АЕК – бұл 2,9 млн теңге, ал қола медаль үшін 500 АЕК – бұл 1,4 млн теңге. Биыл айлық есептік көрсеткіш көлемі 2917 теңге.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жоғары оқу орындарына конкурссыз қабылданады. Сонымен бірге озаттардың педагогтары мен тәлімгерлеріне 1000 АЕК көлемінде сыйақы беріледі. Бұл жаңалықты жариялағанда Президент, кей баланың оқуды тастап кететініне де тоқталып, уайым деген. Үкіметке бұл проблемамен жақсылап айналысуды тапсырған.

Хабарламаларға жазылу