«Тейлор Уессинг» жүлдесі үшін халықаралық фотопортрет байқауы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тейлор Уессинг» жүлдесі үшін халықаралық фотопортрет байқауы жарияланды

06.07.2015
«Тейлор Уессинг» жүлдесі үшін халықаралық фотопортрет байқауы жарияланды

«Тейлор Уессинг» жүлдесі үшін фотопортрет  байқауы жарияланды. Сайыс жеңімпазы «Taylor Wessing Photographic Portrait Prize 2015»  жүлдесімен марапатталып, 12 000 британдық фунт көлемінде (3 500 000 теңгеге жуық) сыйақы алады. Сондай-ақ, байқау финалистеріне  ақшалай сыйлық беріледі.

Ал, 30 жасқа дейінгі фотографтар Джон Кобал жүлдесі үшін сайысқа қатыса алады. Жеңімпазға 4 000 британдық фунт (1 168 000 теңгеге жуық) көлемінде сыйақы беріледі. Сонымен қатар, британдық киноиндустрияға қатысы бар атақты адамның портретін жасауға тапсырыс алады.

Байқауға әр қатысушыдан 6 суретке дейін қабылданады.  Бір сурет үшін  27 фунт (7 884 теңге) көлемінде  жарна төлеуі керек. Өтініштер 6 шілдеге дейін қабылданады.

Айта кетейік, конкурсты Лондондағы Ұлттық портрет галерясы ұйымдастыруда.

 

ijnet.org

 

 

Хабарламаларға жазылу