Атырауда бір аптада коронавирустан 50 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда бір аптада коронавирустан 50 адам көз жұмды

01.09.2021

Атырауда соңғы аптада ауру жұқтырғандар саны екі есеге азайды. Індет өршіген тұста жоспарлы жұмысты тоқтатуға мәжбүр болған емханалар бүгіннен бастап тұрғындарды қабылдап жатыр. Дегенмен, өңірдегі жағдай әлі де тұрақсыз дейді мамандар. 

Жандос Темірғали, тілші:
Қазір реанимацияда 92 науқас жатыр. 9-ының жағдайы тіптен ауыр. Вирустың кесірінен бүгін 3 адамның өмірі қиылды. Соңғы 1 аптаның өзінде 50 адам жан тапсырды. Әсіресе вакцина салдырмағандар арасында өлім-жітім көп – дейді мамандар.

Өңірдегі инфекциялық стационарларда 1320 пациент жатыр. Жауаптылар эпидахуалдың тұрақталып келе жатқанын айтады. Алайда қалада және Жылой, Индер аудандарында жағдай нашар. Бүгін вирус анықталған 149 тұрғынның 89-ы облыс орталығынан.

Қазір кеніш аумағында жағдай әлі де тұрақсыз. Бүгін 30 қызметкерінен вирус анықталды. Кәсіпорынға тиесілі инфекциялық стационарда 414 науқас жатыр. Компания таратқан ресми мәліметке сай, 56 мыңнан астам жұмысшы вакцинаның 1 компонентін салдырған.


Хабарламаларға жазылу