Абай облысында жұмыссыздық азайып келеді
Елімізде жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мыңдаған азаматқа жаңа мүмкіндік берді. «Мансап» орталықтары арқылы тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасып, кәсіп бастауда. Былтыр республика бойынша 529 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылған. Оның дені мансап орталықтарының жолдамасымен жұмыс тапқан. Мансап орталығының жобасы арқылы жұмыс тапқандардың бірі – Талғат Сарбасов. Зейнет жасына жақындағанда бірнеше мамандығы бола тұра бос қалған. Өткен жылдан бері «Күміс жас» бағдарламасына қатысып, жекеменшік шеберханаға жұмысқа тұрды. Қазір зейнетке дейінгі еңбек өтілін толықтырып, мемлекет қолдауымен тұрақты жалақы алып отыр.
Талғат Сарбасов, Үржар тұрғыны:
Жұмыссыз қалып қалғандарға, әсіресе жасы келген адамдарға Үкімет тарапынан қолдау көп. Қазір көп мекемелер 50-ден асқан соң жұмысқа ала бермейді, жастарды іздейді. Ал мен қазір шеберханада жұмыс істеп жүрмін. Мұнда түрлі бұйымдар жасаймыз. Өзімнің білгенімді жастарға үйретіп жатырмын.
Көпбалалы ана Раушан Малгелдинова болса, бірнеше жыл бала күтімімен үйде отырғандықтан, жұмыссыздар тізімінде болған. Бір жылдан бері жеке кәсіп бастап, ісін дөңгелетіп әкетті. Мансап орталығы арқылы 1,5 миллион теңге қайтарымсыз грант алып, қажетті құрал-жабдық сатып алған. Қазір жартылай фабрикат өнімдерін дайындап, жергілікті дүкендер мен кафелерге жеткізеді. Сұраныс артқан соң кәсіпкер алдағы уақытта цехты кеңейтіп, жұмысшылар санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Раушан Малгелдинова, кәсіпкер:
Қазіргі таңда жиырма шақты дүкенмен жұмыс істейміз. Кафелерге жеткіземіз. Күніне 50-100 келіге дейін өнім шығарамыз. Сұраныс бар, сұраныс жақсы.
Жалпы, Еңбек мобильдігі орталығы бағдарламалары түрлі әлеуметтік санаттағы тұрғындарды қамтиды. Көпбалалы, мүмкімдігі шектеулі, жас мамандар мен кәсіпкерлерге лайықталған жобалар жұмыссыздар қатарын азайтуға мүмкіндік берді. Мансап орталығы арқылы тек Абай облысында былтырдың өзінде 7600-ден астам тұрғын тұрақты жұмыс тапқан.
Еркебұлан Тұрсын, облыстық Еңбек мобильдігі орталығының директоры:
2026 жылдың наурызына сәйкес облыс бойынша 2204 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл бекітілген жоспардың 16,5 пайызын құрайды. 1374 адам тұрақты жұмыс орындарына, 800 адам уақытша жұмыс орындарына орналасты.
Абай облысында биыл 13300-ден аса жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Оны іске асыру үшін Өңірлік жұмыспен қамту картасы қабылданды.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Дулатбек Әбішпен сұхбат
12.03.2026, 18:18
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Мейіржан Отыншиевпен сұхбат
12.03.2026, 18:15
Қазақстан қыздары Татарстандағы сұлулық байқауына қатысты
12.03.2026, 17:39
Жаңақорғанда тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен салынды
12.03.2026, 17:35
Ақтөбеде аутист балаларды қашықтан бақылауға болады
12.03.2026, 17:33
ЖИ жасау үшін 200-ден астам датасет қосылды
12.03.2026, 17:31
Бельгиялықтар үнемдеуге қарсы тағы шерулетті
12.03.2026, 17:27
Иран Парсы шығанағындағы 6 кемені атқылады
12.03.2026, 17:25