Семейдегі университетке Әлихан Бөкейхан есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі университетке Әлихан Бөкейхан есімі берілді

27.08.2021

Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетіне Алаш зиялысы Әлихан Бөкейхан есімі берілді. Осыған орай білім ордасында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Университетке ұлт көшбасшысының мүсіні қойылды. Бөкейхановтың өмірі мен еңбектеріне қатысты архив құжаттары жинақталған көрмесі мен «Алаш арыстары» музейінің көшпелі көрмесі көпшілікке таныстырылды. Зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ақын-жазушылар ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосты. Әлихан Бөкейхан университетінің ұжымы, Алаш қайраткерінің есімін білім ордасына беру зиялымыздың елі алдында көрсеткен тарихи қызметіне деген тағзым-деп санайды.

Ғарифолла Есім, Абайтанушы:
Оқу орыны осы кісінің атына лайық болып, сапалы жастарды дайындау керек. Қазақ елінің ұлттық идеясы, ол-сапа. Бізге сапа керек.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу