Астанадағы 20 шақты көшенің атаулары өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы 20 шақты көшенің атаулары өзгертілді

12.11.2016
Астанадағы 20 шақты көшенің атаулары өзгертілді

Астанадағы 20 шақты көшенің аттары өзгертіліп, кейбіріне жаңадан атау берілді. Ономастика комитеті қала тұрғындарының пікірін, әрі тұлғалардың ұлтқа сіңірген еңбегін ескере отырып, осындай шешімге келді.

Бұрынғы Орынбор даңғылы – Мәңгілік ел атауын алды. Ал, бұған дейін Е10 деп көрсетілген көшеге осы Орынбор есімі берілді.

Жобалық атауы 23-31 көшесіне Кенен Әзірбаев есімі берілді. Хусейн бен Талал көшесі - Ұлы Дала даңғылы, Еңбекшілер көшесі - Әлихан Бөкейхан даңғылы атауын алды.

 

Нұрбек БЕКБАУ

«KazNews»-тің мұрағаты

Хабарламаларға жазылу