Семейдегі әуежайға Абай есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі әуежайға Абай есімі берілді

31.01.2020

Семейдегі халықаралық әуежайға Абай есімі берілді. Ақын мерейтойы қарсаңында өткен жылы қаланың зиялы қауым өкілдері бірнеше нысанды Абай атымен атау қажеттігі туралы ұсыныс жасаған. Солардың қатарында қайта жөнделген әуежай да бар. Жақында нысанға ойшылдың атын беру жайлы бастаманы республикалық ономастикалық комиссия да қолдап шешім шығарған. Жалпы, Семейде Абай Құнанбайұлының атымен аталатын театр, музей, кітапхана мен көше бар. Енді оның қатарына Абай әуежайы да қосылды.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу