Елбасы Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесуінде осылай деді. Тұңғыш Президент екіжақты қатынастарды нығайту мен Еуразиялық экономикалық одақ аясында өңірлік ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелеріне тоқталды. Михаил Мишустин Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей Президентінің жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар, біздің елге сапары аясында жүргізген келіссөздер мен кездесулердің нәтижесі туралы айтып берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы:Қазақстан-Ресей әріптестігі өзге мемлекеттерге үлгі болады деп есептеймін. Қазір біз күрделі кезеңді өткеріп жатырмыз. Екі ел коронавирустың таралуына және оның экономикаға тигізетін салдарына байланысты қиындықты бірлесе еңсеруде. Жуырда Владимир Путинмен кездесіп, өзара кеңестік. Жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз.
Михаил Мишустин, Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы:Коронавирусқа қарсы күресте қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. «Sputnik V» вакцинасын Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығару бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Біз тату көршілік қатынастарды жоғары бағалаймыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16