Иерусалим маңында ормандар өртене бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иерусалим маңында ормандар өртене бастады

18.08.2021

Иерусалим маңында ормандар өртене бастады. Оттың ошағы қаланың батысынан 10 шақырым жерде сөндіріліп жатыр. Жексенбіден бері 17 мың гектар аумақ күлге айналған. Тілсіз жаумен күреске 45 бригада мен 8 ұшақ жіберілді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүздеген адамды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Қазір өрттің тұтану себебі тергеліп жатыр. Одан жақын маңдағы госпитальге де қауіп төніп тұр.

Зви Цоран, өрт сөндіру бригадасының басшысы:
Меніңше, жағдайды бақылауға аламыз. Түні бойы өртті толық сөндіруге тырыстық. Мамандарымыз қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қазір госпитальді оттан қорғауға тиіспіз.

Францияның оңтүстігінде де ормандар өртене бастады. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, одан бір адам қаза тапқан. Бұл аймақта жасыл желектер дүйсенбі күні жана бастаған. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

Айта кетсек, биыл аптап ыстық Жерорта теңізі аймағын шарпып, орман өрттерінен Түркия, Грекия, Италия да қатты зардап шекті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу