Испанияда мыңдаған гектар орман алқабы жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда мыңдаған гектар орман алқабы жанып кетті

15.08.2022

Испанияның Валенсия аймағында орман өрті қаулап барады. Соңғы мәліметке қарағанда, Аликанте қаласының маңында 3500 гектар жасыл желек күлге айналып, мың шақты тұрғын үйін тастап кеткен.

Жалпы алғанда, Валенсия өңірінде өрттің үш ошағы анықталды. Оларды сөндіруге 37 градус ыстық пен ұйытқыған жел кедергі келтіріп жатыр.

Тілсіз жаумен күреске армия жауынгерлері де тартылды.

Сонымен қатар, елдің солтүстік-шығысындағы Зарагоза провинциясында да ормандар жанып жатыр. Бұл өңірде лапылдаған жалын 8 мың гектар аумақты шарпып, мың жарымдай адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу