Техаста ұшақ құлап, 1 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техаста ұшақ құлап, 1 адам жараланды

20.10.2021

АҚШ-тың Техас штатында ұшақ құлап, өртеніп кетті. Ал, оның бортындағы 21 адамның біреуі ғана жараланған. «NBC» телеарнасы лайнер әуеге енді көтеріле бергенде апатқа ұшырағанын хабарлады.

«172 адамға шақталған әуе кемесі ұшар алдында қоршауды соғып кеткен. Көп ұзамай ол, ұшу-қону алаңы маңында өртене бастады», - дейді Құрама Штаттардың Федералдық азаматтық авиация басқармасы.

Қазір экипаждың неліктен мұндай жағдайға душар болғаны тергеп тексеріліп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу