Испанияда өрт өршуіне байланысты тұрғындар көшіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда өрт өршуіне байланысты тұрғындар көшіріліп жатыр

16.08.2023

Испанияның Тенерифе аралында орман алқабы өртене бастады. Осыған байланысты, жақын маңдағы төрт ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Канария радиосының хабарлауынша, тілсіз жаумен күреске тікұшақтар жіберілді. Олар лапылдаған жалынға әуеден су төгуге кіріскен. Құрбандар туралы мәлімет әзірге түскен жоқ. Жергілікті үкімет өкілдері 130 гектардай жасыл желектің күлге айналғанын хабарлап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу