Жыл басынан бері жасөспірімдердің кінәсінен 60-тан астам жол апаты тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері жасөспірімдердің кінәсінен 60-тан астам жол апаты тіркелді

16.08.2021

Жыл басынан бері елімізде кәмелет жасына толмаған балалардың кінәсінен 60-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 5 бүлдіршін қаза болып, 70-тен астамы түрлі жарақат алған. Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары хабарлады. Жалпы, карантин енгізіліп, онлайн оқыту форматына көшкелі балалардың қатысуымен болған заң бұзушылықтар айтарлықтай азайған. Алдын алу шаралары да жиі өткізіліп жатыр. Дегенмен, оқу жылы басталған уақытта қауіптің артатыны анық. Сондықтан балалармен түсіндіру жұмыстарын жиі өткізген абзал дейді полиция қызметкерлері.

Жандос Мұратәлиев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі бірінші кезекте олардың ата-аналарына байланысты екенін еске салғымыз келеді. Себебі балалар ересектердің мінез құлқын қайталайды. Осыған байланысты бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жол жүрісі қатысушылардың жолдағы тәртіпті сақтауға және біздің жас ұрпақты келеңсіз оқиғалардан алып қалуға ат салысуыңызды сұраймыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу