Солтүстік Қазақстанда көлік өртеніп, 5 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда көлік өртеніп, 5 адам жарақат алды

10.06.2022

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан көлік өртеніп, 5 адам жарақат алды. Оқиға Тайынша ауданында тіркелді. 22 жастағы жігіт тізгінге ие бола алмай, көлік аударылған. Жүргізуші мен 4 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жақында Аққайың ауданында жол-көлік оқиғасы болып, 28 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Жыл басынан бері өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 26 көлік апаты тіркелді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу