Елорда 6 айда жол апатынан 947 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда 6 айда жол апатынан 947 адам қаза тапты

04.07.2022

Жыл басынан бері 70-тен астам бала жолда жан тапсырды. Жарақат алғандары мың жарымға жуықтайды. Қайғылы оқиғаларға себепкер негізінен жүргізушілер. Мысалы, 6 күн бұрынғы апатта екі көлік тізгіншісі де тіл тартпай кетті. Тоғыз жолаушы ауруханаға жатқызылды. Оның жетеуі жеткіншек.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Жолдағы мінез-құлықты көбінесе бала ата-аналардың жүріс-тұрысынан алады. Сондықтан егер ата-аналар жол қауіпсіздігі ережелері туралы сөйлесіп қана қоймай, оларды өздері сақтаса, онда бала үшін бұл тәртіп нормасына айналады.

Соңғы 6 айда 6 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелді. 947 адам қаза тауып, 8 200-дей жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Ал, 5 жылда 2 мыңнан аса адам жолда опат болды. Мамандар апаттың 95 пайызы жүргізушілердің кінәсінен екенін айтады. Маневр жасау қағидаларын бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу кең етек алған. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер де жол қозғалысы ережесін жиі бұзады. Тек жылдамдық режимін сақтамаудан 1 жарым мың жол апаты тіркелген.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу