Павлодар облысында жол сапасына мән бермеген 21 ауыл әкімі 4 млн теңге айыппұл төлейді
Павлодар облысында жол сапасына жүрдім-бардым қараған 21 ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді олар мемлекетке 4 млн теңге айыппұл төлейді. Халықтың өтініш, тілектеріне құлақ аспаған бұл атқамінерлердің үстінен жергілікті тұрғындар арыз жазған. Сөйтіп, полиция тексеру жүргізген. Шынымен де көшелердің шұрқ тесігі, автокөлік жүретін жерлерде жарықтың жоқтығы және жол белгілерінің болмауы дәлелденді. Тіпті, аймақ бойынша 2 мыңнан астам дерек анықталған. Ауыл әкімдерінен бөлек полиция бұған жауапты кәсіпорындар мен мекемелерден 140 маманды жауапкершілікке тартты.
Бауыржан Мақашев, Павлодар облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:Оның ішінде 21-і ол әкімшіліктің лауазымды тұлғалары. Бұл мәселе бойынша департамент басшылығының атына шағымдар түсті.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30