Шығыс Қазақстанда 7 мың гектар аумақта қамыс жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 7 мың гектар аумақта қамыс жанып кетті

12.08.2021

Шығыс Қазақстанда 7000 мың гектар аумақтағы қамыс жанып кетті. Үржар ауданындағы Сасықкөл маңында басталған өрт алты күн дегенде әрең сөндірілді.

От шарпыған аумақты бақылау үшін «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің ұшағын қолдануға тура келген. Отқа оранған жерге автокөлік жете алмағандықтан өрт сөндірушілер жанып жатқан қамысқа қайықпен барып, су шашқан. Өртті сөндіруге «Алакөл» қорығы мен «Тарбағатай» табиғи парк қызметкерлері де көмектесті. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу