Атырау облысында қамыс өртінің аумағы ұлғайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында қамыс өртінің аумағы ұлғайып келеді

05.03.2024

Атырау облысында қамыс өртінің аумағы ұлғайып келеді. 3 күннен бері қызыл жалын шамамен 1000 гектар жерді шарпып үлгерген. Өрттің шығу себебі әзірге анықталмады. Кеше жұмылдырылған тікұшақпен тек барлау жұмыстары жүргізілген.

Қазір өртке оранған аумақты 40 шақты адам мен ондаған техника сөндіруде. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, 20 гектар аумақта қамыс бықсып жатыр. Ашық жану жоқ.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу