Атырауда өкпесінің 96 пайызы қабынған науқас жазылып шықты. Индербор кентінің 59 жастағы тұрғыны модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 2 ай емделген. Екі жақты коронавирустық пневмонияға шалдыққан тұрғын 1 ай жансақтау бөлімінде жатып,өмірі үшін күрескен. Қазір науқас үйге шығарылды. Енді ол үш ай бойы дәрігерлердің бақылауында болады.
Алтын Төлегенова, Индербор кентінің тұрғыны:Дәрігерлеріме мың алғыс енді. Дәрігерлердің арқасында мені алып шықты. Халыққа айтатыным көп жерге баруға болмайды. Барса да масканы пайдаланып жүруі керек.
Жандос Темірғали