Шымкентте коронавирустан енесі мен жүкті келіні қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте коронавирустан енесі мен жүкті келіні қайтыс болды

30.07.2021

Шымкентте коронавирустан енесі мен жүкті келіні қайтыс болды. Екі күн ішінде бақилық болғандар қалалық инфекциялық госпитальде ем қабылдаған. Дәрігерлердің айтуынша, алдымен 52 жастағы енесі ауырған. Ол 13-ші шілде күні Атамекен емдеу орталығына жатқызылған. Өкпесінің 4 пайызы зақымданғаны анықталған. Алайда арада бір апта өткенде ем қабылдаудан бас тартып, үйіне қайтқан. Кейіннен қайта сырқаттанып, бірден жансақтау бөліміне түскен. Мамандар өкпесінің 78 пайызы қабынған деген диагноз қойған. Артынша инфекциялық госпитальге 28 жастағы жүкті келіні түскен. Жүктілігі 35 апта болған келіншек коронавирустық пневмонияға шалдыққан. Өкінішке орай, дәрігерлерге екеуін де аман алып қалу мүмкін болмады. Тек аяғы ауыр келіншектің сәбиі аман-есен дүниеге келді.

Марат Иманбеков, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығының эпидемиолог дәрігері:
26-сы күні түседі бізге ауыр қәлде . 28-і күні реанимотологтардың қатысуымен шұғыл отамен ішіндегі ұл баласын алып қалады. Дыхательный недостачность бойынша 29-на қайтыс болады. 28-не Әзіретқұлова 29-на келіні қайтыс болады. Осы каронавирус індетінен.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу