Алматыда өкпесінің 75 пайызы қабынған науқас емделіп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өкпесінің 75 пайызы қабынған науқас емделіп шықты

12.08.2020

Алматыда өкпесінің 75 проценті қабынған науқас жазылып шықты. Алғашында бір аптадай уақыт үйде емделген Айман Сұлтанова дене қызуы көтеріліп, дем алуы қиындаған соң жедел-жәрдем шақырған. Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 15 күн бұрын түсіп, бірден оттегі концентратына қосылған. 42 жастағы науқас дәрігерлердің арқасында аман қалғандығын айтады. Соңғы тестілеу теріс нәтиже көрсеткеннен соң, бүгін ауруханадан үйіне жіберілді. Алайда, науқастың денсаулығы алдағы бір жарым айда толық қалпына келеді. Сондықтан, дәрігерлер күтінуі керек деп кеңес беруде.

Айман Сұлтанова, Қала тұрғыны:

Алғашында әркімге жәутеңдеп қарап, қрыққанымнан әбден мазам кетіп еді. Жғдайым ауыр болды. Осындағы дәрігерлерге рахмет. Емдеп шығарып, жылы сөздерін, емін аямаған. Қазір жағдайым жақсы. ҚҰлан-таза айығып келем.


Нұрхан Нұрланұлы 

Хабарламаларға жазылу