Алматылық дәрігерлер өкпесі 96 процентке қабынған науқасты емдеп шықты

10.09.2020

66 жастағы профессор Несіпхан Бектенов Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер науқасты жан сақтау бөлімінде екі аптадан аса емдеді. Беті бері қараған соң хирургия бөліміне ауыстырады. Емін толық алған профессор қазір үйіне шығарылды. Дегенмен дәрігерлердің жіті бақылауында. 

Карантин кезінде инфекциялық станционар ретінде жұмыс істеген ауруханаға, әсіресе, шілде айында науқастар көптеп түскен. 1400-ден астам пациенттің 425-і аса ауыр, ал мыңға жуығы ауыр жағдайда жатқызылған. Арасында өкпесі 100 пайыз қабынған науқас та бар.

Бахтияр Бекишев, хирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл науқастың өмірге деген ынтасы жоғары болды. Жазылып шығам деп, позитивті жүрді. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу