Токио Олимпадасына қатысқан спортшыларымыз елге оралды
Токио олимпиадасына қатысқан спортшыларымыздың соңғы легі бүгін елге оралды. Алматы әуежайында оларды жанкүйерлері, қоғам қайраткерлері мен туыстары күтіп алды.
Елге оралған спортшылардың арасында ұлттық құраманың капитаны Қамшыбек Қоңқабев, боксшы Сәкен Бибосынов, каратэшілер Софья Берульцева мен Дархан Асәділов пен палуан Нұрислам Санаев бар. Жиналғандар оларға ерекше құрмет көрсетіп, естелікке суретке түсті. Төртжылдықтың басты додасында өнер көрсеткен жүлдегерлер алтын алмаса да, алдағы додаларда топ жарамыз деген сенімін білдірді.
Сәкен Бибосынов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:
Негізгі мақсатым - Олимпиададан елге алтынмен оралу еді. Кішкене өкініш бар. Бірақ бұл менің үлкен спорттағы жеңісімнің бір баспалдағы деп білемін. Алла қаласа елімді әлі талай жеңістеріммен қуантамын. Ол үшін бар күш-жігерімді салып, сенімін ақтауды мақсат тұтамын.
Софья Берульцева, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:
Каратэ енді Олимпиада ойындарына алғаш енген соң кішкенен қобалжу болды. Бірақ жақсы шықтық, жақсы нәтиже көрсеттік деп ойлаймын. Финалға бәріміз кішкене жетпей қалдық. Бірақ енді соған да шүкір.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін сағат 20:30-да: Жарықты сөндір – табиғатты қолда
28.03.2026, 20:49
Қазақстандық футбол жанкүйерлері Түркияға барды
28.03.2026, 20:09
Digital Battle жеңімпаздары анықталды
28.03.2026, 20:09
Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржыға екі зауыт ашылды
28.03.2026, 20:05
Суға батып кеткен 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр
28.03.2026, 20:05
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды
28.03.2026, 20:05
Түркия халқы қартайып барады
28.03.2026, 20:05
Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты
28.03.2026, 20:04