Махатхир әлемнің ең қарт премьері атануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Махатхир әлемнің ең қарт премьері атануы мүмкін

24.01.2018

Малайзияны биыл күзге таман әлемдегі ең қарт премьер-министр басқаруы мүмкін. Ол – 92 жастағы Махатхир Мұхамед. Әйгілі саясаткер бұған дейін өз елін жиырма жылдан астам уақыт  басқарды. Малайзия экономикасын әртараптандырып, модернизациялап, оны озық технологиялы мемлекетке айналдырды.

Оның алдағы жоспары – тамызда өтетін парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, тағы да үкімет басқару. Бұл үшін Махатхир 1980-1990 жылдары туған жастардың жүрегін жаулауы керек. Осы мақсатпен экс-премьер қазір интернетке ден қойып, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып жүр. Мәселен, былтыр желтоқсанда жарияланған «Қара күшпен күреске шабыт іздеу» атты жазбасы үшін Махатхир Мұхамед 15 мың лайк жинаған екен. Бұған қоса, оның «Твиттердегі» парақшасына жазылғандар саны 2016 жылдың басынан бері 300 мыңға жетіп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу