Әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды
Эпидахуалға байланысты Алматыда әскери госпиталь басшылығы инфекциялық стационар жасақтады. Әскерилер короанвирус науқастарын қабылдап, уақытылы медициналық көмек көрсету үшін осындай шешім қабылдап отыр. Стационар 150 науқасқа арналған. Мұнда орташа ауыр және ауыр науқастар жатқызылады. Жеке құрам бұл жағдайға дайын дейді мекеме өкілдері. Дәрігерлер мен медбикелер бригадасы жасақталған. Дәрі-дәрмек жеткілікті.
Ғалымжан Омаров, Әскери клиникалық госпиталь бастығының орынбасары:
Ауыр науқастарды емдеу үшін реанимация бөлімінде 7 төсек әзірленді. Мұндай науқастарды емдеуде госпиталь дәрігерлерінің мол тәжірибесі бар. Бұл кезге дейін біздің госпитальде 1400-ден астам адам коронавирутан емделді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18