Екпе алу ісіне қоғам енжар қарамауы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпе алу ісіне қоғам енжар қарамауы тиіс

30.07.2021

Екпе алу ісіне қоғам енжар қарамауы тиіс. Ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана вирус күшін жоятынын әлем ғалымдары дәлелдеп отыр. Сондықтан, олар мұндай қадамға өзі мен өзгелердің қауіпсіздігі үшін бардық дейді.

Қуат Қайранбаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:
Тәж-тажал келгеннен бері, бұл өзі бүкіл әлемді әбігерге салып қойған ауру ғой. Оның бірден-бір жолы вакцинация екенін түсіндім. Жолдасым дәрігер. Былтыр 3-4 ай бойы, ауруханадан шықпай, коронавируспен күрескендердің қатарында жүрді. Сол кезде мен өзім ойладым, қашан вакцина шығады, мен бірден аламын деп.

Ринат Зайытов, айтыскер ақын:
Өзгеге зияным тимеу үшін, пайдам тимесе де, зияным тимесін деп осындай шешімге бардым. Оңай келген жоқ ол шешім. Өтірік айтпаймын. Сосын келешекте біз шет мемлекеттерге іс-сапармен шығатын болсақ, онда да кедергісі болатыны баяндалды. Сондықтан вакцина алдық.


Хабарламаларға жазылу