Ресей үкіметі жаңа карантиндік шараларды жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей үкіметі жаңа карантиндік шараларды жариялады

19.08.2022

Ресейде бір тәулікте 36 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, 62 тұрғын қайтыс болды. Бұл наурыз айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондықтен ел үкіметі жаңа карантиндік шараларды жариялады. Бұдан былай қоғамдық орындарда маска тағу міндеттелмек, 100 адамнан асатын шараларды өткізуге шектеу қойылды. Сонымен қатар 65 жастан асқандар мен созылмалы ауруы барларға үйден шығуға тыйым салынуы мүмкін. Шетелден әуе кеңістігі арқылы келетін азаматтар міндетті түрде 48 сағат бұрын ПТР тест тапсыруы тиіс. Мамандар індеттің күшеюін вакцинациялаудың төмендігімен байланыстырады. Өйткені халықтың 51 пайызы ғана коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға жеткіліксіз.

Геннадий Онищенко, эпидемиолог-дәрігер:

Мәскеуде екпе салдырғандардың саны өте аз. Осы күнге дейін індетке қарсы 10 вакцина шығардық. Барлық жағдай жасалған, вакцина тегін, бірақ адамдардың арасында вирустың барына сенбейтіндер жетеді. Бұл жұмыстарды қолға алу керек. Кәсіпкерлер қызметкерлерінің екпе алғанын қадағалауы тиіс. Алдағы уақытта балаларға арналған вакцина қолданысқа енгізілмек.

Хабарламаларға жазылу