Жандарбек Бекшин: Екпе алу маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандарбек Бекшин: Екпе алу маңызды

12.11.2021

Бүгін коронавирусқа қарсы екпені жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер алды. Вакциналау қалалақ емханаларда жүргізілді. Екпе салар алдында денсаулығы тексерілді. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, қазірдің өзінде 30 мыңнан аса тұрғын балаларына екпе салдыруға келісімін берген. Алып шаһарда 12 жас пен 18 жас аралығында 170 мыңнан аса жасөспірім бар. 20 мың жүкті келіншек тіркелсе, емізетін балалары бар әйелдер саны 60 мыңнан асады. Айта кетейін, күні кеше Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізілді .

Алтынай Ермекқызы, қала тұрғыны:
6-7 ай бойы ойланып-толғанып осы вакцина алуға шештім. Pfizer емізулі адамдарға болады екен. Тіпті, жақсы деп ойлаймын. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын. 3 балам бар. Кенже балам 1 жас 2 айдан асты.

Алматыда вакцинация белсенділігі төмендейтін болса, індет жұқтырушылар күрт көбеюі мүмкін. Тіпті, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында тәулігіне 600 адамнан инфекция анықталуы ықтимал. Мұндай болжамын бүгін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Қазір ревакцинация мерзімі жақындап келеді. Вирус жұқтыру көрсеткіші өсуі мүмкін. Сондықтан бас санитар екпе алып, шектеу шараларын қатаң ұстануға шақырды. Алматыда қазір эпидахуал тұрақталып келеді. Инфекциялық стационарларда 800-ге жуық науқас, оның ішінде 20 бала емделіп жатыр.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу