Тоқаев Білім және ғылым министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Білім және ғылым министрін қабылдады

29.07.2021

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті де қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа саланы дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуы мен жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берілді. Президент мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерінің еңбекақысын биыл 1 қыркүйектен бастап арттыру маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар оқушылар арасында өтетін Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу