Мемлекет басшысы осы аптада Білім және ғылым министрін қабылдады

25.11.2018

Бізде өзі, көктемге салым жабағы жүнін сыпырып тастайтын төрт түліктей талай мәрте түлеп, реформадан көз ашпаған екі сала бар ғой. Бірі - медицина, екіншісі - білім. Жаңадан министр келсе болды, реформа жасауға құмар. Негізі, реформаның астын ақырын қазсаңыз, небір былық-шылықтың бырқ етері анық. Әрі көзге сүйелдей көрініп, сүлігі басына шыққан шетін мәселелер әлі де жетерлік. Мысалы, білім саласындағы өткір тұрған мәселенің бірі – талайдан бері қақсап жүрген үш ауысымды мектердің жәйі. Бұл түйткіл түбегейлі шешілі ме? Биліктің айтуынша, шешіледі. Бұл міндет енді барлық әкімдерге жүктелді. Ал, Президент әкімшілігі осы жұмыстың орындалу барысын қатаң бақылауға алады. Сенейік. Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада еліміздің Білім және ғылым министрін қабылдап, саланың қазіргі тынысымен танысты. Нығырлап бірқатар тапсырма беріп, қордаланған проблеманы шешудің жолдарын айтты.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу