Президент Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановты қабылдады

25.02.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрін қабылдады. Елжан Біртанов Президентке министрліктің қазіргі жұмыстары мен отандық медицинаның дамуы жөнінде есеп берді. Сондай-ақ елімізде коронавирустің таралуына жол бермеу мақсатында қабылдаған шаралары туралы баяндады. Бұдан басқа, Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекстің әзірлену барысы жайында мәлімет берді және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі және ауруханаларды жаңғыртуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде айтты. Осы ретте Президент жұртшылықтың пікірін ескере отырып, Денсаулық туралы жаңа кодексті әзірлеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу