Тоқаев Ресейдің Қорғаныс министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Ресейдің Қорғаныс министрін қабылдады

16.10.2020

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады. Кездесуде екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды. Мемлекет басшысы Әскери ынтымақтастық туралы қол қойылған шартты құптады. Сондай-ақ, Сергей Шойгуді Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өткізілгенімен құттықтады. Ал, Ресей Қорғаныс министрі кездесуге және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ, Қазақстан сарбаздарының Халықаралық әскери ойындарға белсенді қатысқанын атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Әскери-техникалық сала, әскери бағыт Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарда маңызды орын алады. Сондықтан, мен әскери ынтымақтастық туралы қол қойылған шартты құптаймын және бұл сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздың маңызды нәтижелерінің бірі деп ойлаймын.
Сергей Шойгу, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі:
-Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың дәстүрлі стратегиялық және одақтастық сипаты бар. Бүгінгі қол қойған келісімнің аса маңызды екені сөзсіз. Бұл барлық әскери ынтымақтастық туралы келісімдердің ішіндегі ең ауқымдысы әрі мазмұндысы.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Шойгуді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Амангелді Сейітхан



Президент Сергей Шойгу

Хабарламаларға жазылу