Қазақстан қоржынына екінші олимпиада медальі түсті. Токио төрінде ауыр атлетикадан сынға түскен Игорь Сон қола жүлдегер атанды. 61 келідегі зілтемірші қоссайыстың нәтижесімен 294 келіні бағындырды. Жерлесіміздің әлемдік додадағы өнерін бүгін түнгі сағат 23:30-да Ұлттық арнадан қайталап көре аласыздар.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан 55 келіде қыздар арасында Зульфия Чиншанло ел намысын қорғайды. Ал кеше, дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы медальді салды. Бүгін отандастарымыз спорттың 11 түрі бойынша сынға түсіп жатыр.
Түске дейін дзюдо, теннис, стендтік ату, семсерлесу, ескек есуде спортшыларымыз жарыс алаңына шықты. Ал каноэші Александр Куликов жартылай финалға жолдама алды. Медальдар кестесінде Қазақстан әзір 27-орында тұр. Еске салайық, Күншығыс еліне 97 спортшы аттанған болатын.
Дарын Сағитов