Украина қарулы күштері Чернобыль аймағында әскери жаттығу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина қарулы күштері Чернобыль аймағында әскери жаттығу өткізді

03.02.2023

Украина қарулы күштері Чернобыль аймағында әскери жаттығу өткізді. Маневрлар өткен жер Беларусь шекарасына жақын орналасқан.

Шараға «Акация» атты өздігінен жүретін гаубицалар қатысты. Украина әскерилерінің сөзінше, жаттығу Беларусь тарапынан шабуыл болған жағдайда дайындықты арттыру мақсатында өткізілген. Әскери сарапшылардың пікірінше, Ресей Украинаға Батыстың танкілері жетпес бұрын алдағы айларда шабуылды күшейтуі мүмкін. Мәскеу кеше Батыс елдерінің бұл әрекетіне жауап беретінін ескертті.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу