Украина, Франция, Германия басшылары Ресеймен арадағы тайталасты талқылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина, Франция, Германия басшылары Ресеймен арадағы тайталасты талқылайды

16.04.2021

Бүгін Украина, Франция, Германия басшылары Ресеймен арада шиеленісіп бара жатқан тайталасты талқылайды. Президент Владимир Зеленский француз әріптесі Эммануэль Макронмен және канцлер Ангела Меркельмен кездесу үшін Парижге аттанбақ. 

Кейінгі кездері Ресейдің сан мың әскері Украинаның шығыс шекарасы маңына және аннексияланған Қырымға шоғырланды. 

Осы дағдарыста қолдау білдіргені үшін Зеленский Түркияға алғыс айтты. Және де ол Ресей сапарларға шектеу жариялағаннан кейін Түркияға украиналық туристердің көбірек баруы қажеттігін атап өтті. Анкара болса, бұл дауда не Мәскеудің, не Киевтің жағына шықпайтынын ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу