Lexus RX 300 көлігі жеңімпазға табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Lexus RX 300 көлігі жеңімпазға табысталды

21.07.2021

Футболдан Еуропа чемпионаты қарсаңында «Olimpbet» компаниясы ұтысқа қойған кезекті темір тұлпар жеңімпазға салтанатты түрде табысталды.

Lexus RX 300 маркалы автокөлік маңғыстаулық тұрғынға бұйырды. «ЕВРО ДРАЙВ» акциясына қатысып, күтпеген жерден олжалы болған 27 жастағы Аманбек Бексұлтанұлы 28 миллион теңге тұратын су жаңа көлігін автосалоннан заңды түрде рəсімдеп, мініп кетті.

Көлік иемденген азамат əлем көз тіккен доп додасының ақтық кезеңінде сайт арқылы ұтысқа қатысып, Италия құрамасына бəс тіккен. Алайда көлікке ие боламын деп мүлде ойламадым дейді. Чемпионат аяқталған соң «Olimpbet» компаниясының мамандары оның бағалы сыйлыққа ие болғанын хабарлау үшін қоңырау шалғанда тіпті, телефон тұтқасын да көтермеген. Тек кейінірек букмекерлік кеңсенің сайтында жарияланған видеоданы көрген соң жеңімпаз атанғанын біліпті. Оған да күмəнданып, назар аудармаған азамат кейін көлікті өзінің атына рəсімдеп, кілтін табыстауға шақырғанда сенбеске амалым қалмады дейді.

Аманбек Бексұлтанұлы, жеңімпаз:
«Olimpbet»-ке осындай конкурстар ұйымдастырып жатқанына рахмет айтамын. Осындай көп ойындар ұйымдастырылсын. Мен де армандаған едім осындай бір көлікті ұтып алсам екен деп. Сол бір көлік міне маған бұйырыпты. Ұттың деп соқты. Мен сенген жоқпын. Алматыға кел деді. Мен бірақ сұрадым, келісімшарт бірдеңе бар ма, не үшін барамын деген сияқты. Кел ұттың, билетің бар сенде деді.

Бұл темір тұлпар – акция басталғалы ұтысқа қойылып, иесін тапқан алтыншы автокөлік. Бұған дейін су жаңа Toyota Camry 75 маркасының бесеуі жеңімпаздарға салтанатты түрде табысталған. Бұдан бөлек, чемпионат қарсаңында смартфондар, ақшалай сыйлықтар мен өзге де түрлі бағалы заттар ойнатылды. Ал алдағы күндері ұтысқа қатысып, бағы жанған тағы бір адамға Lexus LX 570 автокөлігі сыйға тартылмақ.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу