Бір жыл ішінде Google көліктері 13 рет апаттық жағдайға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір жыл ішінде Google көліктері 13 рет апаттық жағдайға ұшырады

16.01.2016
Бір жыл ішінде Google көліктері 13 рет апаттық жағдайға ұшырады

BBC хабарлауынша, Google ойлап шығарған жүргізушісі болмайтын көліктің дербес басқару жүйесі 272 рет істен шыққан. Штаттан тыс оқиғалар 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, 2015 жылдың қараша айына дейінгі уақытта Калифорнияда өткен сынақ кезінде тіркелді.

Барлық 272 оқиға кезінде жағдайға арнайы жүргізушілер араласуға мәжбүр болған. Тіпті, егер адам басқаруды өз қолына алмаса, 13 рет жол көлік оқиғасы (ДТП) болуышы еді.

«Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және біздің инжинерлер оларды терең зерттеу барысында. Осындай оқиғалар арқасында, біз бағдарламаларды үнемі жақсартып, көліктің дербес жүргізілуін барынша қауіпсіз жасауға барымызды салып жатырмыз», - деп жазылған компания хатында.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың жаз мезгілінде жалпы пайдаланудағы жолда жүргізушісі болмайтын көлік қатысымен ең алғашқы жол апаты болды.  AP мәлімдеуінше, оқиға 1 шілде күні Калифорнияда болды. Сканер құрылғыларымен жабдықталған Lexus RX маркалы автомобильге басқа көлік соғылды. Жол апаты нәтижесінде, көлікті сынақтан өткізіп жатқан 3 Google қызметкерлері мен екінші көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Олардың өміріне еш қауіп жоқ.

Бұдан бұрын, Google жүргузушісі болмайтын көліктері 6 жылға созылған жол сынақтары кезінде 11 рет апатқа ұшырады, деп хабарлады The Guardian. Компания бұл оқиғалардың болмашы және басқа адамдардың себебінен болғанын мәлімдейді.

 

Хабарламаларға жазылу