1 қазаннан бастап дəрігерлерге «ковидтік» үстемақы төленбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қазаннан бастап дəрігерлерге «ковидтік» үстемақы төленбейді

21.07.2021

1 қазаннан бастап дəрігерлерге «ковидтік» үстемеақы төленбейді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Тамыз-қыркүйекте ол қаржы 50 пайыздан беріледі. «Есесіне, бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпиджағдайға тəуелді болмайды», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Дəрігерлер өткен жылдың наурыз айынан бері қаржылай үстемақы алып келе жатыр. Осы уақытқа дейін 229 миллиард теңге бөлінген. Енді сұранысы жоғары медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Əзірге көлемі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет.

Еске сала кетейік, маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ковидтік» үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мəлімдеген болатын.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу