Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос ғарышқа ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос ғарышқа ұшты

21.07.2021

Әлемдегі ең ауқатты адам, «Амазон» компаниясының негізін қалаған Джефф Безостың ғарыш кемесі Жерге сәтті оралды. «Нью Шепард» кемесін алып ұшқан зымыран Техас штатының батысындағы Ван-Хорн шөлінен аттанған. Көкке көтерілгеннен кейін екі минуттан соң капсула зымыран тасығыштан ажырап, ғарышқа ұшты. Ұшу уақыты 10 минут 10 секундқа созылған. Джефф Безоспен бірге ғарышқа оның кәсіпкер ағасы, 82-жастағы америкалық ұшқыш Уолли Фанк пен 18-жастағы студент аттанған еді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу