Туристерге арналған ракета ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристерге арналған ракета ұшырылды

03.05.2019

Әлемдегі ең бай адам – Джефф Безостың Blue Origin компаниясы ерекше ракетаны ұшырды. New Shepard деп аталатын әуе кемесі туристер үшін ғарышқа сапар жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан оның жоғарғы бөлігінде үлкен иллюминаторлары бар, 6 адам сыятын капсула орнатылған. Мұндай 10 минуттық саяхат шамамен 200-300 мың доллар болуы мүмкін.

Ракета шығыс уақытымен 09:30-да көкке көтеріліп, небәрі 10 минутта 106 шақырым биіктікті бағындырды. Оның бортында ғылыми-зерттеулерге арналған заттар бар. Сондықтан компания 9 мамырда Ай миссиясына қатысты тың жаңалықпен бөлісуді жоспарлап отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу