Amazon басшысының байлығы бір күнде 6,4 млрд долларға артты

16.04.2020
Amazon басшысының байлығы бір күнде 6,4 млрд долларға артты

Әлемдегі ең бай адам, америкалық Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безостың байлығы компания акцияларының рекордтық өсуіне байланысты бір күнде 6,4 млрд долларға артты.

Сейсенбіде Нью-Йорк қор биржасындағы сауда-саттық аяқталған кезде әлемдегі ең ірі онлайн-ритейлердің акция құны 5,3%-ға артқан. Яғни, бір құнды қағаздың бағасы 2238 долларды құрады. Осылайша корпорацияның 11,2 пайыз акциясына ие Безостың қазынасы 6,4 млрд долларға артып, $138 млрд-қа жетті.

Жалпы, компания акцияларының өсуіне онлайн-гипермаркет және тауар жеткізу қызметіне сұраныстың артуы, пандемияға байланысты дүкендердің жабылуы себеп болып отыр.

rbc.ru

Хабарламаларға жазылу