Жалған вакцинация паспортын жасағандар қатаң жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған вакцинация паспортын жасағандар қатаң жазаланады

09.07.2021

Павлодарда шекарадан Ресейге өту үшін жалған ПТР-тест қолданған 56 жастағы ер адам ұсталды. Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал, екпе салдыру кезінде көзбояушылыққа жол бермес үшін барлық ауруханалар мен емханалардағы пункттерге бейнекамералар орнатылды. Яғни, вакцина алушыларға жалған паспорт беру мүмкіндігі жойылды.

Айта кету керек, соңғы тәулікте аймақта 6 мың адам екпе салдырған. Ал, мейрам күндері вакцина алғандар 8 мыңға дейін жеткен.

Эльмира Темірғалиева, Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі:
Егу жұмыстарын жүргізген кезде осы бейнебақылау жүргізіледі. Бірақ бұл бейнебақылауды кез келген адам көре алмайды. Бұл жағдай тіркелген болса, бас дәрігер жұмыстан босатылады. Медициналық мекемеге айыппұл салынады.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу