Алматыда Тәуелсіздік жылдары жарық көрген кітаптардың көрмесі өтті
Алматыда ерекше көрме өтті. Оған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қайнар академиясы ғалымдарының тәуелсіздік жылдары жарық көрген еңбектері қойылды. Қазақ өркениеті, экономика теориясы, психология туралы жаңа кітаптардың да тұсаукесері өтті. 30 жыл ішінде заң, тіл білімі, педагогика, журналистика, шет тілдері мен информатика салалары бойынша мыңға жуық монографиялық еңбектер мен оқулықтар жарық көрді. Бүгін таныстырылған кітаптар білім алушылардың кәдесіне жарайтындай құнды еңбектер екені даусыз дейді жиналғандар. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ғалымдардың мың кітабы ұлттық кітапханаға тарту етілді.
Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы:Тұңғыш Президент айтқандай білім – кітапта. Келешекте компьютерде отыратындардың орнын кітап оқитындар басып кететін болады деді. Сол себептен кітаптың орны бөлек. Осы университетте қызмет еткен ғалымдардың еңбектерінің көрмесін көріп, бір қуанып марқайып тұрмыз.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16