Англия Еуропа чемпионаты тарихында тұңғыш рет финалға шықты. Кеше түнде жартылай финалда Дания құрамасымен кездескен Гарет Саутгейт шәкірттері 2:1 есебімен басым түсті. 30-шы минутта Дания футболшысы Миккель Дамсгор есеп ашқан. 39-минутта Англия есепті теңестірді. Симон Кьер өз қақпасына гол салды. Бұл- осы турнирдегі 11-ші автогол екенін еске салайық. Негізгі уақытта есеп теңескен соң, ойын овертаймға ұласты. Овертаймның 104-минутында Гарри Кейн Англияға жеңіс сыйлады. Енді 11 шілде финалда Италия мен Англия құрамалары Еуропа чемпионын анықтайды.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Англия Еуропа чемпионаты тарихында тұңғыш рет финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/143032/)