Алматы әуежайында ПТР-тест анықтамалары QR код арқылы тексеріледі
Алматы әуежайына келушілердің ПТР-тест анықтамасы QR код арқылы қатаң тексеріледі. Себебі, тұрғындар арасында жалған құжат жасайтындар көбейген. Сондықтан, екі авиакомпания халықаралық рейс жолаушыларын қосымша тексеруді ұйғарған. Тек мамыр айында бір ғана Оңтүстік Кореяға барған 400 жолаушының 15-інен вирус анықталған. Алайда, олар Алматыдан жол жүргенде ПТР анықтамалары теріс нәтиже көрсеткен. Енді мұндай жағдайда санитарлық бақылау қызметкерлері шақырылып, шара қолданылмақ. Мамандардың айтуынша, карантин талаптарын бұзғандарға 87 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Айта кетейік, алдағы уақытта Алматы әуежайындағы барлық компания ПТР-тест анықтамасын қосымша тексеруді іске асыруы мүмкін.
Всеволод Ким, әуе тасымалдаушылары комитетінің төрағасы:Жалған анықтама жасағандар анықталғаннан кейін Оңтүстік Корея тарапының өтінішімен рейс сыйымдылығын 60 пайыздан асырмау туралы шешім қабылданды. Алайда, бұл қызмет көрсету сапасының төмендеуіне себеп болады. Өйткені, сатылған билеттердің 40 пайызын өзге рейстерге ауыстыруға тура келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада үздік экомектептер марапатталды
31.03.2026, 10:20
Үкіметте елдің инновациялық әлеуетін дамыту мәселесі қаралады
31.03.2026, 10:17
Қызылорда облысында үш күнде жасөспірімдер арасында 300 құқықбұзушылық анықталды
31.03.2026, 10:14
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 10:13
Ресейде бірнеше өңірде су тасып жатыр
31.03.2026, 10:10
Ақмола облысындағы Шағалалы ауылында көпірді су шайып кетті
31.03.2026, 10:08
ШҚО-да қою тұман сейілмей тұр
31.03.2026, 10:06
Атырауда нөсер жауыннан 10 мыңға жуық үй жарықсыз қалды
31.03.2026, 10:04